RU
Толық нұсқаға өту
фото: rg.ru

Сербия президенті Александр Вучич өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

28.09.2026, 09:53 62

Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кетті. Ол бұл шешімін алдағы парламент сайлауына қатардағы азамат ретінде қатысу ниетімен түсіндірді, деп хабарлайды 24KZ Danas.rs-ге сілтеме жасап. 

Маған екі рет сенім артқан азаматтарға алғыс айтамын. Бүгін мен қызметімнен кететін күн, – деді Александр Вучич.

Вучич 2017 және 2022 жылдары Сербия президенті болып сайланған. Оның екінші президенттік мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталуы тиіс еді. Сербияда президент бес жылға сайланады және бір адам мемлекет басшысы қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Президенттің міндетін кезектен тыс сайлауға дейін Сербия парламентінің төрайымы Ана Брнабич атқарады. Сайлау жыл соңына дейін өтуі тиіс.

Бұған дейін Александр Вучич Сербия парламентіне кезектен тыс сайлауды 25 қазанға белгілеген болатын. Ол Сербия прогрессивті партиясынан премьер-министрлікке кандидат ретінде ұсынылды. Вучич президенттік қызметтен кетіп, сайлау науқанына қатардағы азамат ретінде қатысатын алғашқы мемлекет басшысы болғысы келетінін айтты.

Александр Вучич бұған дейін Сербияның премьер-министрі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымда 2014 жылдың сәуірінен 2017 жылдың мамырына дейін болды.

Сербияда соңғы екі жылда үкіметке қарсы наразылық акциялары өтіп келеді. Оған негізінен жастар қатысуда.

Сербия – парламенттік республика. Президент – мемлекет басшысы, елдің атынан өкілдік етеді және қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы саналады. Ал негізгі атқарушы билік үкіметтің қолында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz