RU
Толық нұсқаға өту

Алтын бағасы арзандады

28.09.2026, 18:09 49

Әлемдік нарықта алтын керсінше арзандады.

Чикаго тауар биржасында бағалы металл бағасы шамамен 3 пайызға түсті. Сөйтіп, бір унциясы 4200 доллардан төмендеді. Бұл кейінгі 2 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Бұған әлемдегі геосаяси ахуал мен мұнай бағасы әсер еткен. Өйткені қара алтын қымбаттаса, инфляция күшеюі мүмкін. Баға тұрақтылығын реттеу үшін АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі келесі айда базалық мөлшерлемені көтереді деген болжам бар. Демек, Құрама Штаттар облигацияларының кірісі өседі. Сол себепті алтынға сұраныс бәсеңдейді, дейді сала мамандары. 

АЛТЫН БАҒАСЫ

25.09.2026 - $ 4 321 /+0,54%/

28.09.2026 - $ 4 219 /−2,96%/

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz