RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-Иран текетіресінен қара алтын қымбаттады

28.09.2026, 20:12 41

АҚШ пен Иранның келісімге келе алмауынан әлемдік нарықта мұнай қымбаттады.

"Брент" маркалы фьючерсі әр барреліне 107 доллардан, ал WTI - 95 долларға саудаланды. Инвесторлар Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдап отыр. Өйткені Вашингтон Тегеранның Ормуз бұғазын ашу бойынша ұсынысын қабылдамай тастады. Президент Дональд Трамп келіссөз тоқтамайды, одан әрі жалғасады деп мәлімдеді. Қысқа күнде қырық құбылған геосаяси ахуалға қарамастан аймақтағы мұнай экспорты артты. Кеплер халықаралық компаниясының дерегі бойынша, қыркүйекте Парсы шығанағы елдері тәулігіне 12,8 млн баррель қара алтын жөнелтті. Мұның 7,4 млн баррелі Ормуз бұғазы арқылы тасымалданған. Бұл қақтығыс басталғалы  - ең жоғары көрсеткіш - дейді сарапшылар.

ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ МҰНАЙ БАҒАСЫ

Brent: барреліне $107, 8. /+2,8%/

WTI:  барреліне $95,6 /+1,85%/

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz