RU
Толық нұсқаға өту

ОАР-да атыстан 18 адам қаза тапты

29.09.2026, 09:51 42

Оңтүстік Африка Республикасында атыстан 18 адам қаза тапты. Тағы 15-і жараланған. Қайғылы оқиға Уедела қаласында болды.

Қарулы топ дәмханаға келіп, автомат және тапаншадан оқ жаудырған. Қаскөйлер ізін жасып үлгерген. Полиция 8 күдіктіні іздестіріп жатыр. Шабуылдың не үшін жасалғаны әзірге белгісіз. «Рейтер» агенттігі атысқа жақын маңдағы заңсыз алтын өндіру кеніші себеп болуы мүмкін деп жазды. Өйткені қылмыстық топтар қараусыз қалған ескі кен орындарындағы жұмысқа тұрғындарды мәжбүрлеп жегетін жайттар көп. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz