RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан/ria.ru

Ресейде пиротехника өндіретін кәсіпорында өрт болып, 10 адам қаза тапты

29.09.2026, 09:56 41

Ресейдің Ярослав облысында пиротехника өндіретін кәсіпорында өрт болып, 10 адам қаза тапты. Тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды 24KZ РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Мәскеу уақытымен 16:06-да, Астана уақытымен 18:06-да болған. Кәсіпорын Кубринск ауылында орналасқан.

Ярослав облысындағы өрт болған жерде өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 10-ы қаза тапты, – деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ресей Тергеу комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қаралуда.

Кәсіпорынға жақын орналасқан Кубринскідегі әлеуметтік нысандардан балалар мен педагогтер эвакуацияланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz