Йеменде 142 мың адам үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады.
Халықтың басым бөлігі үкімет әскерінің бақылауындағы Аденге көшсе, басқалары Африка ауып, Джибутиге қоныстанып жатыр. Шатырлы лагерьлер де лық толы. Қазір елде ауыз су тапшы, ал санитарлық жағдай күрделі. Салдарынан тырысқақ індетінің таралу қаупі күшейген. Босқындарға көмек көрсету үшін Йемен қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымы 20 млн доллар бөлді. «Десе де бұл қаражат қажеттілікті өтеуге әлі де жеткіліксіз», - дейді ұйым өкілдері.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі:
- Йеменнің денсаулық сақтау жүйесі онсыз да күйреудің аз-ақ алдында тұр еді. Қақтығыстар ушыққалы, жағдай тіптен қиындап барады. Елде 2 мың 900 жеткіншектің 25 пайыздан астамы ашқұрсақ жүргендіктен ауруға шалдыққан. Қарулы қақтығыс күшейген сайын ауыр жарақат алған адамдарға көмек көрсету де қиындап барады.
Тегтер #БҰҰ #Йемен #босқындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz