RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Flydubai ұшағы төтенше сигналдан кейін Сауд Арабиясына қонды

30.09.2026, 12:11 65

Дубайдан Тель-Авивке ұшқан Flydubai әуе компаниясының ұшағы төтенше сигнал беріп, бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Boeing 737 ұшағы Сауд Арабиясының Табук әуежайына қонды. Бортты басып алу қаупі туралы ақпарат тарағанымен, кейін бұл нұсқа расталмады, деп хабарлайды 24KZ.

Boeing 737 ұшағы әуеде 7700 жалпы төтенше жағдай сигналын, кейін 7500 кодын берген. Соңғысы әуе кемесін заңсыз басып алу немесе оған заңсыз араласу қаупін білдіреді. Осыдан кейін ұшақ Сауд Арабиясы аумағына бұрылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ұшақ бортындағы экипаж мүшелерінің арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Израиль қауіпсіздік қызметінің дерегінше, әуе кемесін басып алу фактісі анықталмаған.

Ұшақта 170-тен астам жолаушы болғаны хабарланды. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz