RU
Толық нұсқаға өту

Мьянмада әуе соққысынан 50 адам қаза тапты

30.09.2026, 12:24 59

Мьянма әскері Кьяуктау қаласын бомбалап, 50 адам қаза тапты.

Құрбандар арасында балалар мен әйелдер бар. Тағы 58-і жараланған. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді. Халықаралық қауымдастық бұл шабуылды тергеуге және зардап шеккен аудандарға кедергісіз гуманитарлық көмек жеткізуді қамтамасыз етуге шақырған. Бұдан бөлек ұйым Мьянмадағы жалпы ахуалдың қауіпті екендігін мәлімдеп, Малайзияға жағдай тұрақталғанша 1 жарым мың босқынды Мьянмаға жібермеу туралы өтініш айтты. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Малай билігі Мьянмадан келген босқындарды сол елге өз еркімен оралу бағдарламасын бастаған болатын. Малайзияға ауып кеткен босқындар саны 5 мыңға жетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz