RU
Толық нұсқаға өту

Flydubai ұшағы шұғыл Сауд Арабиясына қонды

30.09.2026, 19:22 44

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуе компаниясының ұшағы шұғыл Сауд Арабиясына қонуға мәжбүр болды. 

Оған дейін экипаж мүшелері әуе кемесін басып алу қаупі бар екенін ескертіп, апаттық сигнал берген. Boeing 737 ұшағы біраз уақытқа радардан жоғалып кетті. Жауап ретінде Израильдің Әскери-әуе күштері жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді. Алайда кейін жолаушылар ұшағын басып алу туралы ақпарат расталмады. Бортта болғандар аман, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша апаттық сигналдың берілуіне пилоттардың арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz