АҚШ стратегиялық резервтен 40 млн баррель мұнай шығарады. Бұл — Халықаралық энергетикалық агенттікпен жасалған келісім аясында нарыққа жіберілетін қара алтынның соңғы партиясы. Билік мұнайды елдегі энергетикалық компанияларға ұсынады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл компаниялар отынды қарызға алады. Бірақ кейін артығымен қайтаруға міндетті. Наурыз айында Агенттікке мүше елдер Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты бағаны тұрақтандыру мақсатында өз қорларынан жалпы көлемі 400 млн баррель мұнай шығаруға уағдаласқан болатын.
Оның 172 млн баррелі Құрама Штаттарға тиесілі. Осының нәтижесі АҚШ-тың стратегиялық қорындағы қара алтын көлемі 1982 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті.
Тегтер #24KZ #АҚШ #мұнай #резервPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz