RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде «Күміс экономика» $17 трлн-ға жетті

01.10.2026, 08:50 54

Қазір әлемде жасы 60-тан асқан 1 млрд 200 мың адам бар. Бұл жер бетіндегі халық санының 15 пайызы. Көрсеткіш алдағы 4 жылда 20 пайызға өсіп, 2 миллиардқа жетуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Өйткені қоғам тез қартайып келеді. Бұған басты 2 себеп: өмір сүру жасының ұзаруы және бала туу көрсеткішінің төмендеуі.

Демографиядағы бұл өзгерістер экономикаға, әлеуметтік жүйелерге салмақ түсіретіні белгілі. Алайда қазір жаһандық нарықта «Күміс экономика» ұғымы пайда болды. Бұл дегеніміз егде жастағы азаматтар экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Соның бірі қарттарға көрсетілетін қызмет түрлері көбейген.

Қоғам арасында «қарттар мемлекетке масыл» деген пікір бар. Алайда XXI ғасыр экономикасы демографиялық дағдарысты тығырық ретінде емес, жаңа нарықтарға жол ашатын тетік ретінде қарастырады. Мәселен, Қытай кейінгі уақытта адам тәріздес робот өндірісін жеделтетті. Бұл, әрине, бірінші кезекте технологияның жетістігі. Алайда шығыстағы көршіміз елдегі бала санының кемуі, еңбек күшінің азаюы сынды мәселелерді ақылды машинаның көмегімен шешуге тырысады. Елде 1 млн 400 мың адам тұрады. Соның 310 млн-ы 60-тан асқандар. Бұл көрсеткіш Бейжің экономикасына соққы емес, керісінше серпін беретін бағыт ретінде қарастырылады. Алдағы 9 жылда «Күміс экономиканың» нарығы 4,4 трлн АҚШ долларынан асуы мүмкін.

«Күміс экономика» ұғымы алғаш рет 1970 жылы Жапонияда қолданылды. Қазірде әлем бойынша ең қарт қоғам атанған Жапонияда халықтың қартаю үдерісі 50 жыл бұрын басталған. Егде адамдарға арналған арнайы нысандар, тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқалы экономикада «күміс нарық» термині пайда болды. Мұндағы «silver», яғни «күміс» сөзі — егде адамдардың ағарған шашына қатысты метафора. Яғни жастың ұлғаюын білдіретін символдық атау. Сонымен қатар бұл атау егде адамдарға деген құрметті білдіреді.

Ал Батыс елдерінің ішінде Еуропа мен АҚШ қоғамы тез қартайып жатыр. Зерттеулерге сүйенсек, 2050 жылға қарай бұл елдердегі әр үшінші қызметкердің жасы 70 жаста болмақ. Ал қазір Кәрі құрлықтағы 182 миллион, АҚШ-тағы 84 миллион адам 60-ты алқымдағандар. Алдағы 34 жылда АҚШ-тағы халық саны 417 млн-ға жетуі мүмкін. Орташа өмір сүру ұзақтығы — 80 жас, оның ішінде: ер адамдарда — 77, әйелдерде — 82 жас. Ал 55 жастан асқан жұмысшылар — АҚШ еңбек нарығындағы қарқынды өсіп келе жатқан сегменттердің бірі. 2017 жылы АҚШ-тың «Күміс экономикасын» қамтитын жұмыс орындарының саны 89,4 млн-ға жеткен. Мичиган университетінің зерттеушілері қызметкерлердің орташа жасының ұлғаюы өндірістің барлық салаларында еңбек өнімділігінің орташа деңгейінің өсуіне ықпал ететінін алға тартады.

«Күміс экономикадағы» жалпы нарық көлемі былтыр 17 трлн АҚШ долларына бағаланды. Ол бірқатар саланы қамтиды. Әрқайсысы қоғамдағы қарт адамдардың денсаулық сақтау, баспана мәселесі, қаржылық қызметтер, демалыс, туризм және білім алуына, цифрлық сауатын жетілдіру бойынша сапалы ресурстарға қол жеткізуіне ықпал етеді. Алайда мұндай мүмкіндікті дамушы елдер ғана ұсына алады. Бала туу көрсеткіші мен қоғамның қартаюы дамыған елдер үшін бас ауруы болса, табысы төмен кедей елдерде жағдай керісінше. Бүгінде туу көрсеткіші ұрпақтың орнын басу деңгейінен жоғары сақталған жалғыз ірі өңір — Африка. Алайда елдің экономикасы халықтың әл-ауқатын толық қамтамасыз ете алмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz