RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Қырғызстанда діни блогерлерге арнайы куәлік алу міндеттелді

01.10.2026, 10:09 49

Қырғызстанда діни тақырыпта контент жариялайтын блогерлерге арнайы куәлік алу талабы енгізілді. Ол үшін блогер алдымен Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына барып, діни білімін растауы және қандай бағытта ақпарат тарататынын көрсетуі керек, деп хабарлайды 24KZ 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғызстанның Дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттігінің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, заңға «діни уағызшы» деген жаңа термин енгізілген. Осыған сәйкес, әлеуметтік желіде діни тақырыпта жазатын блогерлер заң талаптарын сақтап жұмыс істеуі тиіс.

Блогер діни білім деңгейін растап, ақпарат тарататын бағытын анықтағаннан кейін Дін істері агенттігіне жүгініп, арнайы куәлік алады. Құжат бір жылға беріледі. Мерзімі аяқталған соң оны ұзартуға болады.

Егер блогер осы мерзім ішінде дұрыс емес ақпарат таратса немесе заң талаптарын бұзса, куәлігі жойылып, қайтадан куәлік алуына тыйым салынады, – деді Нұрғазы Қырғызбаев.

Қырғызстан билігінің бұл талабына сәйкес, діни тақырыпта контент жариялайтын блогерлердің қызметі арнайы тәртіппен реттелмек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz