Ормуз бұғазында 3 мұнай танкері шабуылға ұшырады.
Бұл туралы Марискс ((Marisks)) теңіз сараптама қызметіне сілтеме жасап, Рейтер хабарлаған. Олардың мәліметі бойынша Либерия туын қадаған кемелер радарларын өшіріп тастаған. Бірақ бұған қарамастан оларға снаряд тиді. Десе де, кемелер жүрісін бақылайтын "Кеплер" компаниясы қыркүйек айында Таяу Шығыс елдерінің мұнай экспорты едәуір өскенін айтады. Бұл көрсеткіш шамамен қақтығысқа дейінгі деңгейдің 80 пайызына жетіп қалған.
Тегтер #Ормуз бұғазы #танкер #шабуыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz