RU
Толық нұсқаға өту

Италия Испаниямен арадағы шекара бақылауын ұзартты

01.10.2026, 18:00 43

Италия Испаниямен арадағы күшейтілген шекара бақылауын тағы 15 күнге ұзартады.

Енді Шенген келісімі аясындағы еркін жүріп-тұру тәртібі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Италияның Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қауіпсіздік шаралары үшін 300 полицей, тікұшақтар мен қосымша әскер тартылды. Еске сала кетейік, шілде айында Сеута қаласына Марокко жақтан 72 мыңнан астам заңсыз мигрант ағылған еді. Қазір қалада әлі 10 мыңнан астам босқын бар. Италия билігі оларды транзит арқылы Сеутадан әрі кетіп асып кете ме деп алаңдап отыр. Ал Испания үкіметі де теңіз және әуе арқылы Италиядан келушілерге тексеріс жүргізетінін хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz