RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда тұрақты тұруға рұқсат алу талабы өзгерді

01.10.2026, 19:51 48

Жапония билігі тұрақты тұруға рұқсат беру ережесін өзгертті.

Бүгіннен бастап ақысы 20 есе өседі. Енді өтініш берушілер 200 мың иен төлейді. Бұл біздің ақшаға шаққанда 530 мың теңге. Сондай-ақ табысы мен зейнетақы жинағы ескеріледі. Шетелдік азаматтың кірісі орташа жалақыдан жоғары болуға тиіс. Бұдан бөлек ауыз екі тілде жапонша ойын жеткізе алуы керек. Жергілікті азаматтардың күйеуі немесе әйелі шетелдік болса, оларға да талап күшейеді. Бұрын 3 жыл некеде, ал ел аумағында 1 жыл тұруы қажет болатын. Қазір бұл мерзім 5 және 3 жылға дейін ұзарды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz