Әлемдік нарықта қара алтын бағасы өсті.
Brent маркасы қайтадан барреліне 100 долларға жуықтады. Американдық WTI 92 доллар шамасында саудалануда. Ал Murban маркасы 102 доллардан жоғары. CPC Blend мұнайы 116 доллар шамасында саудаланып жатыр. Бағаның өсуіне нарықтағы жеткізілімге қатысты алаңдаушылық әсер етті. АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге байланысты инвесторлар әлі де сақтық танытып отыр.
Brent мұнайы
бір баррелі $101,1
алдыңғы бағамен салыстырғанда +3,22%
WTI мұнайы (West Texas Intermediate)
бір баррелі $91,7
алдыңғы бағамен салыстырғанда +1,4%
Murban Crude
бір баррелі $107,83
алдыңғы бағамен салыстырғанда +5,46%
CPC Blend
бір баррелі $114,92
алдыңғы бағамен салыстырғанда −1,69%
Дереккөз: tradingeconomics.com, oilprice.com
Тегтер #мұнай бағасы #баррель #24KZ #АҚШ ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz