Румыния ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан энергия тапшылығына тап болды.
Елде гидроэнергия өндірісі күрт қысқарып, екі бірдей атом реакторы жұмысын тоқтатты. Бұл аздай маусымдық жағдайға байланысты күннен қуат өндіру де төмендеп кеткен. Билік ахуалды тұрақтандыру үшін жаңа жел электр станциясын шұғыл іске қоспақ. Аталған нысан алғашқы кезеңде небәрі 200 мегаватт қуат беріп, шамамен мыңға жуық үйді ғана жарықпен қамти алады. Бірақ бұл елдегі қуат тапшылығын толық өтеуге жеткіліксіз. Рейтердің мәліметінше, станция тек келесі жылдың ортасында ғана толық қуатына көшеді.
Тегтер #Румыния #энергия #тапшылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz