Ормуз бұғазында кезекті мұнай танкері атқыланды.
Шабуыл Оман жағасына жақын маңда болған. Бұл туралы Ұлыбританияның Теңіз тасымалын бақылау басқармасы хабарлады. Мағлұмат бойынша, кемеге снаряд түскен. Оның қайда атылғаны, кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Ешкім зардап шекпеген, барлық экипаж мүшесі аман. Сонымен қатар шабуыл салдарынан қоршаған ортаға да зиян келмеген. Тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Ормуз #Иранмен соғыс #Оман #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz