Йеменде қарулы қақтығыс салдарынан босқын саны көбейді.
Кейінгі ақпарат бойынша олардың қатары 150 мыңға жеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, үйін тастап бас сауғалауға мәжбүр болғандар көбіне Таиз қаласын паналап отыр. Гуманитарлық ұйымдар босқындарға шұғыл көмек ретінде ауыз су мен азық-түлік тасып әлек. Айта кетейік, Йеменде үкімет әскері мен бүлікші хуситтер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Хуситтер кейінгі кездері Баб-әл-Мандеб бұғазындағы шетелдік сауда кемелеріне үздіксіз шабуыл жасауға көшкен. Оларға қарсы Сауд Арабиясының әуе күштері күресіп жатыр. Жақында ғана Рияд Йемен астанасы Сана мен 3 провинцияға соққы жасады. 2022 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымыны араағайындық жасап, елде бітім орнатқан еді. Бірақ алауыздық өршіп, соңы ең ауқымды қақтығысқа айналып отыр.
Тегтер #БҰҰ #Йемен #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz