Ормуз бұғазында тағы мұнай танкеріне шабуыл жасалды. Оқиға Оман жағасына жақын маңда болды.
Бұл туралы Ұлыбритания Теңіз тасымалын бақылау басқармасы хабарлады. Мағлұмат бойынша, кемеге снаряд түскен. Оның қайда атылғаны, кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Анығы экипаж мүшесі аман, зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Оман #танкер #шабуыл #мұнайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz