RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда тағы алапат су тасқыны болды

04.10.2026, 08:00 43

Испанияның оңтүстік-шығысындағы Мадригерас қаласында алапат су тасқыны болды. 90 тұрғын құтқарылды. Бірақ 102 жастағы кейуананы аман алып қалу мүмкін болмады.

Мұны аймақ билігіне сілтеме жасап, Рейтер агенттігі хабарлады. Әженің үйіндегі судың деңгейі 1 метрден асып кеткен. Оның мәйітін өрт сөндірушілер тапты. Аталған қалада 1 күннің ішінде нөсер жаңбыр жауып, соңы лезде алапат тасқынға ұласты. Көшелерді су мен лай басып, көліктер жүзіп жүр. Биыл Испания үшін оңайға соқпады. Жаз айларында күн қатты ысып, тамызда 2150 адам ажал құшқан еді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz