Газа секторында атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері бір жарым мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Тағы 5 мыңнан аса адам жараланды.
Бұл туралы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Кейінгі бір тәулікте ауруханаларға жеті адамның мәйіті жеткізілген. Олардың төртеуі жаңа шабуылдардан қаза тапса, екеуі бұрын алған жарақатынан көз жұмған. Тағы бір адамның денесі үйінді астынан табылды. Жалпы Израильмен келісім күшіне енгеннен бері қирандылар арасынан 835 адамның денесі шығарылды. Құтқарушылар, үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін дейді.
Тегтер #Газа #қаза тапқандар #атыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz