RU
Толық нұсқаға өту

Иран Иракқа әуе рейсін қалпына келтірді

05.10.2026, 09:39 66

Ирак Иранмен әуе рейсін қайта жандандырды. Алғашқы ұшақтар Тегеран және Мешхед қалаларынан Наджаф қаласына ұшып барды. 

Әуежай әкімшілігінің мәліметіне қарағанда, алғашқы күндері тәулігіне тек 3 рейс қатынаса, кейін бұл көрсеткіш күніне 40 рейске дейін артады. Иран мен Ирак арасындағы әуе қатынасының тоқтауына 8-ші қыркүйекте АҚШ-тың Ислам республикасының азаматтық авиация секторына қарсы енгізген санкциялары себеп. Тек Ирак қана емес, Оман, Әзербайжан және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты аймақтағы өзге де елдер Иранмен әуе байланысын шектеуге мәжбүр болды. Алайда Ирак үкіметі АҚШ-пен сәтті келіссөздер жүргізіп, гуманитарлық және діни мақсаттар үшін Наджаф әуежайына қатынауға ерекше рұқсат алды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz