RU
Толық нұсқаға өту

Нигерияда әскери ұшақ апатынан 32 адам қаза тапты

06.10.2026, 07:19 44

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Ондо штатында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Борттағы 32 адамның бәрі опат болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Нигерия әуе күштерінің ATR-42 ұшағы Бенин-Ситиден Лагосқа ұшып бара жатқан. Бортта 25 жолаушы және экипаждың жеті мүшесі болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін диспетчерлермен байланыс үзілген. Кейін құтқарушылар әуе кемесінің қалдықтарын Игбокода қаласының маңынан тапты. Нигерия президенті Бола Тинубу қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz