RU
Толық нұсқаға өту

Трамп дизель туралы тарихи жарлыққа қол қойды

06.10.2026, 14:28 53

АҚШ-та дизель бағасы рекордты деңгейге көтерілді.

Қазір оның бір галлоны 6,50 долларға сатылып жатыр. Елдегі қалыптасқан осы дағдарысқа байланысты президент Дональд Трамп дизель отынына салынатын салықты азайтып, жеңілдіктерді кеңейту туралы жарлыққа қол қойды. Яғни Федералдық дизель салығы уақытша тоқтатылады. Трамптың мәлімдеуінше, бұл шара жүк көлігі жүргізушілеріне жанармай құйған сайын жүз доллардан астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сарапшылар мен ақпарат құралдары бұл құжатты тарихи деп бағалап отыр. АҚШ-тағы дизель отыны дағдарысына негізінен Иранға қарсы соғыс себеп. Бұл жағдай Трамптың басты электораты саналатын шаруалар мен логистика саласының наразылығын тудырған еді. Сондықтан Ақ үй басшысы Небраскадағы сайлауалды науқаны кезінде осындай жарлыққа қол қойды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz