Түркияның AJet әуе компаниясына тиесілі ұшақтан бомба туралы жазба табылып, борттағы 136 жолаушы мен экипаж мүшелері эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Оқиға Анкарадан Шанлыурфаға ұшып бара жатқан AJet әуе компаниясының 4180-рейсінде болған. Ұшақ Шанлыурфа қаласындағы ГАП әуежайына қонғаннан кейін экипаж мүшелері дәретханадан бортта жарылғыш зат бар екені жазылған қағазды тапқан.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері әуе кемесін мұқият тексеріп, әуежайдағы рейстер уақытша тоқтатылды. Тексеру барысында жарылғыш зат немесе жолаушыларға қауіп төндіретін өзге де заттар табылған жоқ.
Тексеру жұмыстары аяқталған соң ұшақ тұраққа қойылып, әуежай жұмысы мен әуе қозғалысы қайта жанданды.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары жазбаның ұшақ бортына қалай түскенін анықтап, дәлелдер жинауда.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Түркия #ұшақ #бомбаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz