Елдің шахталарында қауіпсіздікті робот иттер қадағалайды. Ақылды «төрт аяқты» құлтемір тау-кен өндірісі орындарындағы қауіпті аймақтарда жәрдемдесумен қатар зерттеу бағытында да қолғабыс етеді.
Жобаны Энергетика министрлігі мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері бірлесе әзірледі. Енді робот ит шахтада сынақтан өтеді.
Нұртас Жұмағали, жоба авторы:
- Шахтада қандай улы газдар бар екенін бізге анықтап бере алады. Яғни қауіпті шахталар болады. Солардың ішіне бірінші адамды жібермей, осы итті жіберу арқылы шахтаның ішінде қандай қауіптер бар екенін зерттей аламыз. Сонымен қатар бұл иттің үстінде манипулятор құрылғысы бар. Оның көмегімен әртүрлі заттарды ұстап, зерттеуге болады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz