RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Газада атысты тоқтатуға шақырды

07.10.2026, 07:30 54

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды. Мұндай мәлімдеме айтылуға тиіс те еді. Өйткені дәл бүгін ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасаған күні, деп хабарлайды 24KZ.

Содан бері тура 3 жыл өтті. Сол шабуылды желеу етіп, Израиль Газа секторын әлі күнге талқандап жатыр. Осы уақыт аралығында аймақта Израиль соққыларынан қаза тапқандар саны 74 мыңнан асты.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Атысты біржола тоқтататын уақыт келді. Барлық тарап өз міндеттемелерін орындауы керек. Газа секторына гуманитарлық көмек кедергісіз жеткізілуі тиіс. Халықаралық құқық талаптары да сақталуы қажет. Биылғы жыл тек қайғымен есте қалмай, жаңа бастамаға жол ашуы керек. Израильдіктер мен палестиналықтар бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүре алуы керек. Олар өз құқықтары мен армандарын жүзеге асыратын болашаққа лайық.

Израиль шабуылға дайындалып жатыр. Израиль әскері жақында Палестинаға қарсы құрлық операциясын бастауы мүмкін. Сол елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац әскерге жоғары әзірлікте болуды тапсырды. Ол Израиль күштеріне шабуыл жасалған жағдайда ХАМАС пен Газа тұрғындарын қатаң жауап күтіп тұрғанын ескертті. Мәлімдеме Газа секторында жаңа әскери қақтығыс басталады деген қауіпті күшейтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz