RU
Толық нұсқаға өту
фото: DW.com

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді

07.10.2026, 10:29 58

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын өткізді. Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткен жолдастық кездесуде аргентиналықтар Бенин құрамасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды 24KZ BBC-ге сілтеме жасап.

39 жастағы футболшы қоштасу матчында пенальтиден гол соғып, ұлттық құрамадағы 126-голын тіркеді. Осылайша Месси халықаралық мансабына нәтижелі ойынмен нүкте қойды.

Кездесуді стадиондағы 85 мыңға жуық жанкүйер тамашалады. Ойын аяқталған соң көрермендер футболшыға ұзақ уақыт бойы қошемет көрсетіп, оны көзіне жас алып шығарып салды. Аспанда Мессидің мансабындағы маңызды сәттерді бейнелейтін дрондар шоуы ұйымдастырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz