RU
Толық нұсқаға өту

Crew Dragon бүгін ғарыштан Жерге оралады

07.10.2026, 15:10 50

Америкалық Crew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан бүгін Жерге қайтады. NASA-ның мәліметі бойынша ол Тынық мұхитының Калифорния штаты аумағына қонуы қажет.

Бастапқы жоспарға сәйкес кеме 5 қазанда оралуы керек еді, бірақ Тынық мұхитының зымыран қонатын бөлігінде күн райы бұзылып, операцияны кейінгі шегеруге тура келген. Айта кетейік, Crew Dragon экипажы Халықаралық ғарыш стансасында 7 жарым айдан астам уақыт болды. Топ құрамында NASA мен Роскосмос және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдері бар. Экспедиция бағдарламасы бойынша орбитадағы кешенге техникалық қызмет көрсетіліп, бірнеше ғылыми тәжірибе жасалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz