RU
Толық нұсқаға өту

Хуситтер Сауд Арабиясына шабуылды үдетті

08.10.2026, 07:05 56

Сауд Арабиясының әуе қорғанысы хуситтер атқан екі баллистикалық зымыранды қағып түсірді. 

Зымыранның бірі ел астанасы Риядтың солтүстігінде, екіншісі оңтүстіктегі Хамис-Мушайт қаласы маңында жойылған. Бұл туралы корольдіктің әскери-әуе күштерінің офицері Турки әл-Мәлики хабарлады. Айта кетейік, Сауд Арабиясы Йемен үкіметінің Қызыл теңіз жағалауындағы аумақтарды қайтару операциясына әуеден қолдау көрсетіп жатыр. Хуситтер осыған ерегісіп корольдік аумағына қайта-қайта шабуылдайды. Бұған дейін қарулы топ Риядтағы халықаралық әуежай мен мұнай нысанын атқылаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz