RU
Толық нұсқаға өту

Саудия Flydubai рейсіне қатысты тергеу жүргізеді

08.10.2026, 09:37 51

Сауд Арабиясы Flydubai рейсіндегі төтенше оқиғаға байланысты өзі жеке тергеу жүргізеді. «Рейтердің» хабарлауынша, мамандар ұшу қауіпсіздігіне келетін зиян салдарын анықтамақ. 

Бұл тексеріс Біріккен Араб Әмірліктері бастаған қылмыстық тергеумен қатар жүреді. Халықаралық ережелерге сәйкес Әмірліктер бұл іске автоматты түрде қосылған, өйткені Flydubai әуе компаниясы Дубайда орналасқан. Естеріңізге сала кетейік, Flydubai компаниясы лайнеріндегі оқиға 30 қыркүйекте болды. Әуе кемесі Дубайдан Тель-Авивке бара жатқан. Осы кезде екінші ұшқыш экипаж сардарына балтамен шабуыл жасап, лайнерді өзі басқармақ болған. Ұшақ күрт төмендеп, апат белгісі беріліп, ұшақ басып алынды деген код жолданады. Кейін ұшақ Сауд Арабиясына қонды. Біріккен Араб Әмірліктері оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды. Күдікті Оманның 29 жастағы азаматы Хамам әл-Хаммами болып шықты. Ол қазір қамауда отыр. Хамам әл-Хаммами ұшақты Израильде құлатпақ болғанын мойындады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz