RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ хуситтердің Саудияға шабуылын айыптады

08.10.2026, 10:51 53

Біріккен Ұлттар Ұйымы хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылын айыптады. Халықаралық қауымдастық өкілі Стефан Дюжарриктің мәлімдеуінше қақтығыс әрі қарай жалғасса, аймақтағы гуманитарлық жағдай қазіргіден де қатты ушықпақ.

Бұған дейін 125 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген. Десе де бұл жеткіліксіз. Өйткені шұғыл қолдауға мұқтаж жандар қатары сәт санап өсіп жатыр. Хуситтер тауарлар мен гуманитарлық көмек тасымалданатын күрежолдарды басып алған. Медицина саласын да мәселе көп. Біріккен Ұлттар Ұйымы тараптарды сабырға шақырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін ойлауды талап етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz