Халықаралық ғарыш стансасына «Cargo Dragon» жүк кемесі жіберіледі. Оны ұшыру 13 қазанға жоспарланған.
Бұл туралы АҚШ-тың NASA агенттігі хабарлады. Кеме ғарышқа Флорида штатындағы Ғарыш күштері базасынан аттанады. Ол стансаға 3 тонна азық-түлік, ғылыми зерттеулерге қажетті құрал-жабдықтар мен күн батареяларының жаңа кешенін жеткізеді. Бұл – SpaceX компаниясының орбитадағы бекетке жүк апару бойынша 35-ші коммерциялық миссиясы. Қазір «CARGO DRAGON» – осы міндетті атқара алатын және заттарды Жерге қайтып әкеле алатын жалғыз ғарыш кемесі.
Тегтер #ғарыш стансасы #Cargo Dragon #жүк кемесі #NASA
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz