Хуситтер Сауд Арабиясындағы екі әуежайға соққы жасады. Шабуыл Абха халықаралық әуежайы мен Эр-Риядтағы Халид патша атындағы әуежайға бағытталған.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасының мәліметінше, шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 36 адам жараланған. Зардап шеккендердің барлығы шұғыл түрде ауруханаларға жеткізілді. Қазір Сауд Арабиясы келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Әуежайлардағы жолаушылар мен әуе рейстерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Тегтер #хуситтер #әуежай #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz