Шри-Ланканың бұрынғы президенті Махинда Раджапаксаның жұбайы Ширанти Раджапакса қайырымдылық қорына түскен қаржыны мақсатсыз пайдаланған деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды 24KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Ширанти Раджапакса 7 қазанда үйінде полицияға жауап бергеннен кейін сотқа жеткізілді. Сот оны тергеу аяқталғанша бір аптаға қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
Тергеу мәліметінше, оның қайырымдылық қорына мемлекеттік банктен қаражат аударылған. Ақша мемлекеттік ауруханаға медициналық сканер сатып алуға бөлінгенімен, қор қаражатты өзге мақсатқа жұмсаған деген күдік бар.
Қаражатты қорға аудару кезінде белгіленген рәсімдерді айналып өтті деген күдікпен сол кездегі банк басшысы да ұсталған. Кейін сот оны кепілмен босатты.
Раджапаксалар отбасының тағы бір мүшесі – бұрынғы президенттің ұлы, парламент депутаты Намал Раджапакса пара алды деген айыппен қамауда отыр.
Махинда Раджапакса Шри-Ланка президенті қызметін 2005-2015 жылдары атқарды. Оның отбасы елдің саяси өмірінде ұзақ уақыт бойы ықпалды болды. Кейін отбасы мүшелеріне қатысты сыбайлас жемқорлық және билікті асыра пайдалану туралы айыптаулар айтылды.
2019 жылы Махинданың ағасы Готабая Раджапакса президент болып сайланды. Алайда елдегі ауыр экономикалық дағдарыс пен жаппай наразылықтардан кейін ол 2022 жылы қызметінен кетіп, елден кетті.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Шри Ланка #экс президент #қамауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz