RU
Толық нұсқаға өту

Куала-Лумпур мен Сингапурды қою түтін басты

08.10.2026, 20:40 42

Куала-Лумпур мен Сингапур әлемдегі ауа сапасы ең нашар қалалардың тізімін бастап тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Малайзия астанасында ауа сапасының индексі 165-ке, Сингапурда 176-ға жеткен. Халықаралық стандартқа сәйкес 150-ден жоғары көрсеткіш адам денсаулығына зиян деп есептеледі. Қалалардың қалың түтінге орануына Суматра мен Борнео аралдарындағы орман өрттері себеп. Ұзаққа созылған аптап ыстық пен құрғақшылықтың әсерінен билік жалынды ауыздықтай алмай отыр. Айта кетейік, осы демалыста Сингапурда «Формула-1» жарысы өтуі тиіс. Дегенмен қала әкімшілігі тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz