RU
Толық нұсқаға өту

Дания киберқылмысқа қарсы жаңа заң ұсынды

08.10.2026, 22:40 53

Данияда адамдардың бейнесі мен дауысын рұқсатсыз көшіріп, деп хабарлайды 24KZ.

жеке мақсатта қолдануға қарсы заң жобасы парламентке енгізілді. Құжат жасанды интеллект көмегімен жасалған дипфейктерді таратуға тыйым салмақ. Жаңа талап қарапайым азаматтармен қатар өнер иелерін де цифрлық көшірмелерден қорғауға бағытталған. Технологиялық компаниялар мұндай контентті анықтаған жағдайда оны жедел өшіруге міндеттелмек. Ал желідегі сын-сықақ пен карикатураға рұқсат сақталады. Бірақ олар адамның өміріне, құқығына немесе мүлкіне қауіп төндіретін жалған ақпаратқа айналмауы тиіс. Заң жобасы мақұлданса, жаңа талаптар 2027 жылдың басында күшіне енуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz