АҚШ-та Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен жұбайы Силия Флореске жаңа айып тағылды.
Прокуратура оларды саяси қарсыластары мен АҚШ азаматтарын азаптауға қатысы бар деп отыр. Бұл құжатта 9 адамға, оның ішінде 3 американдыққа жасалған қысым сипатталған. Тергеу тарапының мәлімдеуінше, Мадуро мен оның айналасындағы лауазымды тұлғалар билігін сақтап қалу үшін жолындағыларды қуғын-сүргінге ұшыратқан. Бұған дейін ерлі-зайыптыға есірткі тасымалына қатысты кінә тағылған еді. Олар бұл айыптарды мойындамады, ал жаңа айыптарға қатысты ұстанымын сотта әлі білдірген жоқ. Сонымен қатар судья Силия Флорестің денсаулығына байланысты кепілмен босату туралы өтінішін қабылдамады. Естеріңізге сала кетейік, Мадуро мен оның әйелі қаңтарда АҚШ әскери операциясы кезінде ұсталып, Нью-Йоркке жеткізілген еді. Сот процесі 2027 жылдың 1 маусымына белгіленген.
Тегтер #Николас Мадуро #Венесуэла #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz