Бүгін Майамиде Украинадағы соғысты тоқтатуды көздейтін жаңа ұсыныстар талқыланады.
Дональд Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер украиналық бітімгерлер және еуропалық лауазымды тұлғалармен кездеседі.
Axios басылымының хабарлауынша, келіссөз екі күнге жоспарланған. Күн тәртібіндегі ұсыныстардың бірі энергетикалық нысандар мен астық тасымалына шабуылдарды тоқтату. Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру мен соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру мәселелері де қаралады. Кездесуге Ұлыбритания, Франция, Германия, НАТО және Еуроодақ өкілдері де шақырылған. Басылым дерегі бойынша Вашингтон қарашадағы Конгресс сайлауына дейін келіссөздерде ілгерілеуге қол жеткізуді көздеп отыр. Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қыркүйектің басында Мәскеу мен Киевке барған еді. Содан бері олар Ресей және Украина өкілдерімен жаңа бейбітшілік ұсыныстарын әзірлеуге кіріскен.
Тегтер #Украинадағы қақтығыс #Ресей #ұсыныс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz