Чилиде толассыз нөсер жауып, лай көшкіні жүрді.
Ресми мәлімет бойынша табиғи апат салдарынан 1 адам көз жұмған. Тағы 6 тұрғын жарақат алды. Ел астанасы Сантьягода бір аптаның ішінде 76 миллиметр жауын-шашын түсті. Мамандар биылғы қазан кейінгі 76 жылдағы ең жаңбырлы ай деп бағалаған. Су мен балшық, тас аралас көшкін көліктерге дейін ағызып әкетті. Анд университеті мен бірнеше емхананы су басқан. Билік зардап шеккен аймақтардағы тұрғындарды тікұшақпен әкетіп жатыр. Сантьяго мен оның айналасындағы елді мекендерде 22 мыңнан астам баспана жарықсыз қалды. Елде қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланған.
Тегтер #Чили #лай көшкіні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz