RU
Толық нұсқаға өту
фото: life.ru

Flydubai ұшағындағы апаттың алдын алған алты жолаушы марапатталды

09.10.2026, 17:24 40

Израиль президенті Ицхак Герцог Flydubai ұшағында болған қауіпті жағдай кезінде әрекет етіп, ықтимал апаттың алдын алуға көмектескен алты жолаушыны марапаттады, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға 30 қыркүйекте Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған FZ1073 рейсінде болған. Екінші ұшқыш ұшақ командиріне пышақпен шабуыл жасаған. Сол кезде төрт жолаушы шабуылдаушыны тоқтатып, залалсыздандыруға көмектесті. Борттағы дәрігер Шота Мусаев жараланған командирге көмек көрсетіп, ал Тали Манес қауіпті жағдай туралы алғаш болып дабыл қаққан.

Марапаттау рәсімінде Ицхак Герцог жолаушылардың батылдығы үлкен авиациялық апаттың алдын алуға көмектескенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай апаттың салдары Израильге ғана емес, бүкіл Таяу Шығысқа әсер етуі мүмкін еді.

Сонымен қатар президент оқиғаның барлық мән-жайын анықтау қажет екенін айтты. Оның сөзінше, жолаушылардың батылдығы мемлекеттік органдар мен қауіпсіздік қызметтерінің жұмысына қатысты сұрақтарға жауап іздеу міндетін жоймайды.

Оқиғадан кейін ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонған. Ал Израильдің азаматтық ерлігі үшін берілетін президенттік медалі өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқарған адамдарға табысталады. Бұл награда 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін тағайындалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz