RU
Толық нұсқаға өту

Кения шекарадағы бақылауды күшейтті

10.10.2026, 07:30 43

Кенияда Эболадан алғашқы адам өлімі тіркелгеннен кейін шекара бекеттері мен әуежайларда санитарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ.

Елге келген жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, денсаулық жағдайы туралы декларация толтыру міндеттелді. Сондай-ақ қол жуу және зарарсыздандыру бекеттері де жұмыс істеп тұр. Күшейтілген тексеру Шығыс және Орталық Африкадағы он елден келетін жолаушыларға қатысты. Найроби әуежайында тізімдегі бағыттардан келетін рейстер үшін жеке терминал бөлінді. Алайда Кения билігі мемлекет ішінде індеттің таралуы жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәлімет бойынша, марқұм вирусты Конго Демократиялық Республикасынан жұқтырып келген. Қазір мамандар онымен байланыста болған адамдарды анықтап, жағдайды жіті бақылап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz