RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та 530 мың адам жарықсыз қалды

10.10.2026, 11:05 42

АҚШ-тың Флорида және Алабама штаттарында дүлей дауылдан 530 мың адам электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Дауыл кезінде желдің жылдамдығы сағатына 165 шақырымға дейін жеткен. Салдарынан ағаштар құлап, электр желілері қатты зақымданды. Сондай-ақ Луизиана мен Миссисипи штаттарында да бірнеше мың тұтынушы жарықсыз қалды. АҚШ Энергетика министрлігі мұнай-газ өндірісі мен мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысы бұзылуы мүмкін екенін ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz