RU
Толық нұсқаға өту

Антарктикада пингвиндер саны азайып барады

10.10.2026, 11:10 43

Антарктикада пингвиндер күрт азайып барады, деп хабарлайды «24KZ».

Кейінгі 14 жыл ішінде жаһандағы ең ірі пингвиндер колониясы саналатын Завадовский аралындағы құстардың саны 63 пайызға, яғни 680 мыңға кеміген. Британдық ғалымдар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырады. Ауа температурасының көтерілуі мен жанартау белсенділігі мұздықтардың еруін жеделдеткен. Соның салдарынан пингвиндердің негізгі қорегі саналатын шаян тәріздес криль жәндігі азайып барады. Мамандардың айтуынша, қоректің жетіспеушілігі балапандардың баяу жетілуіне әсер етеді. Көпшілігі әл жинап үлгермей қырылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz