Панаманың оңтүстігінде магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес Пенономе қаласында бірнеше ғимарат, соның ішінде қонақүй мен шіркеу мұнарасы қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Панама-Ситиден шамамен 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Негізгі дүмпуден кейін ондаған қайталама жер сілкінісі тіркелді. Құтқару жұмыстарына байланысты халықаралық әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылып, кейін қайта жанданды. АҚШ гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті ресурстарды жұмылдыруды бастады.
Тегтер #24KZ #Панама #жер сілкінісі #АҚШ #гуманитарлық көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz