Зілзаланың магнтудасы 7,7 балға жетті. Елде төтенше жағдай жарияланды. Кейінгі бірнеше тәулік ішінде Панаманың орталығы мен оңтүстік аймақтарында бірнеше дүмпу мен артынша 100-ге жуық афтершок тіркелген.
Салдарынан 27 адам жарақат алды. Жергілікті биліктің есебінше, табиғи апат салдарынан шамамен 420 ғимарат, 9 көпір, 7 қонақүй мен кемінде 13 шіркеу зақымданған. Бүлінген нысандарды қалпына келтіру және зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті үйлестіру үшін ел президенті Хосе Рауль Мулино арнайы комиссия құрды. Панама бірнеше тектоникалық плитаның түйіскен тұсында орналасқандықтан сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтардың қатарына кіреді.
Тегтер #Панама #жер сілікінісі #зілзала #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz