Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта халықаралық әуежайға зымыранмен шабуыл жасалды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 309-ы жараланды.
Елдің Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, көз жұмғандардың төртеуі Сауд Арабиясының азаматы. Қалғандары Бангладеш, АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан азаматтары. Қазір әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Рейстердің бір бөлігі кейінге шегеріліп, бірқатары басқа әуе айлақтарына бағытталды. Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылды хуситтермен байланыстырды. Алайда қозғалыс бұл жолғы соққыны өз мойнына алған жоқ.
Тегтер #ЭрРияд #әуежай #шабуыл #қаза тапқандар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz