АҚШ стратегиялық мұнай қорынан 4 миллион баррель шикізат шығарды.
Бұған елдің оңтүстік-шығысында бірнеше күннен бері соғып тұрған дауыл әсер етті. Себебі дүлей желден Мексика шығанағындағы мұнай өндіру нысандарының үштен бірі жұмысын уақытша тоқтатты. Салдарынан қара алтынның тәуліктік шығыны 1,5 миллион баррельге жетті. Нарықтағы жағдайға Таяу Шығыстағы ахуал да қысым түсіріп тұр. Қақтығыс басталғалы АҚШ-тың шикізат қоры шамамен 132 миллион баррельге қысқарған. Бұл 1982 жылдан бергі ең төмен деңгей.
Тегтер #АҚШ #мұнай қоры #баррельPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz