Елде кейінгі үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды.
Ал қылмыстарды ашу көрсеткіші отыз пайызға жуық өсті. Антифрод-орталықтың көмегімен күдікті операциялар бойынша 117 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталды. Сөйтіп, жәбірленушілердің бір миллиард теңгеге жуық қаржысы қайтарылды. Азаматтар алаяқтардан қорғану үшін бірқатар тегін қызметті пайдалана алады. Мәселен, eGov Mobile қосымшасындағы «Стоп-кредит» сервисі несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Биыл тұрғындар бұл қызметті 6,3 миллион рет пайдаланған. Сонымен қатар, азаматтар жеке деректерінің қолданылуын бақылап, киберсауаттылық курстарынан өте алады. Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, SMS арқылы келген кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеуге және екі факторлы аутентификацияны қосуға кеңес береді.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
- Жасанды интеллект, дипфейк және дауысты алмастыру технологияларының пайда болуына байланысты Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың цифрлық құралдарын жетілдіруді жалғастыруда. Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ІІМ-нің негізгі міндеттері болып қала береді.
Тегтер #интернет алаяқтық #қылмыс #24KZ #жасанды интеллект жылы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz